Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.
"Бопсалау арқылы ірі көлемде пара алған": "ҚазАвтоЖол" филиалының директоры сотталды
1,646
оқылды

2024 жылғы 2 сәуірде Павлодар қаласының N2 сотында "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оларға (Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ директоры А.М. 2023 жылдың 29 маусымында көмектесушiсі "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ бас маманы Ө.З.-мен, яғни орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймын және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамын деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

Сондай-ақ А.М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталды (ҚК-нің 361-б. 4-б. 3) т.).

"Прокурор А.М.-ға түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал Ө.З.-ға   7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын толығымен мойындамады, ақтауды сұрады",  деп хабарлады Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.

Сот жеңілдететін мән-жайларды, асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, А.М.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыру, ал Ө.З.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

А.М.   қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК-нің 361-б. 4-б. 3) т.)  қылмысқа қатысуы туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.