Бақашы шлюзі жабық тұр.
Жылыойда Жем өзені арнасынан асып кетті
1,978
оқылды

Жылыой ауданы жедел штабының хабарлауынша, Жемдегі су қауіпті деңгейге, яғни 3.25 см көтерілді.

Сонымен қатар Жем арнасынан су тасып, Құрсай өзегіне келіп жатыр. Бақашы шлюзі жабық тұр. 

«Қазіргі таңда Құлсары қаласында қауіпті деп белгіленген аймақтарда (Автожолаушылар, Атырау шағынаудандары және 8 ауыл, 9 ауыл, СМП 224) жұмыстар атқарылып жатыр. Мұнда аудан еріктілері қызмет атқарып жатыр. Одан бөлек, жергілікті атқарушы орган өкілдері арнайы техникалармен осал тұстарды нығайтып, қосымша топырақ төгіп жатыр. Су басу қаупі анықталған барлық жағдайда құтқару қызметтеріне  101 және 112 телефондарына хабарласыңыз. Сонымен қатар штабтың байланыс нөмеріне +7778 249 02 53 WhatsApp арқылы хабарласыңыз»,  делінген Жылыой аудандық жедел штабы таратқан мәліметте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА