Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 9:1 есебімен жеңіске жетті.
Жәмила Бақбергенова күрестен әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты
248
оқылды

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында кезекті жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовскамен кездесті.

Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 9:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шығу үшін бақ сынайды.