Айтуынша, марқұм анасы тірі болса, биыл 84-ке толар еді.
«Сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын…»: Қарақат Әбілдина әсерлі жазба жариялады
Фото: әншінің әлеуметтік парақшасынан алынды
650
оқылды

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина өмірден өткен анасына арнап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, марқұм анасы тірі болса, биыл 84-ке толар еді.

«Амансыз ба, қымбатты оқырман! Баршаңызға Алланың сәлемі мен игілігі болсын! Тілсіз жау есеңгіреткен елімізге Алла жеңілдігін берсін. Қасиетті рамазан айының соңғы онкүндігіндеміз. Жаратушыға жалбарынып, көмегімізді жіберіп, дұға жасағаннан басқа адамның қолынан не келеді?! Көңіл алай-дүлей…

Сағыныш қалдырып кеттің жүрегімде таусылмайтын…

Бұл ән анама арнап жазылған болатын. Тірі болса 30 наурызда 84-көктемін қарсы алушы еді. Сол туған күніне салғым келген еді. Оған ауыл-аймақты су алып жатқан аласапыранда еш реті келмеді.

Ән де  «Жылжиды жылдар, керуен өмір көшімен» деп басталғандай, уақыт өткен сайын қайғың кішірейгенмен, сағыныш ұлғая береді екен.

Сағыныш Намазшамова сөзіне жазылған, Жанар Қожағазинаның осы әні өзім сияқты анасын сағынып жүрген жандарға арналсыншы», – деп жазды ол.