Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы – барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан сегіз шетелдік азамат қаза тапты
767
оқылды

3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы жүргізген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол апаты болды,   – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы  барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті жүргізушілерге көліктің жай-күйін бақылауда ұстауды, жол ережелерін қатаң сақтауды ескертті.