6 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
20 градус жылы, жаңбыр, бұршақ: 4-6 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay.com
1,923
оқылды

«Қазгидромет» РМК 4-6 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Республика аумағының басым бөлігінде әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 15-20 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады.

Еліміздің қалған аумағында фронтальды бөлімдердің әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр) күтіледі, 6 сәуірде елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.