Астанада қоғамдық көліктердің бірінде жолаушы контролерді ұрды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
CTS компаниясы оқиғаның видеосын жариялап, тұрғындардан көлік қызметкерлерінің жұмысына құрметпен қарауға шақырды.
CTS Көлік бақылау департаменті және Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметі қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуді және олардың өз лауазымдық міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуді сұраймыз, - делінген мәліметте.
Компания мәліметінше, жыл басынан бері қоғамдық көлікте жолақысын төлеуден жалтарудың 124 056 фактісі анықталды, оның ішінде Астана қаласы ПД қызметкерлері 5 614 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, жалпы сомасы 41 453 776 теңгеге айыппұл салынды.