Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ болмайды
386
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда мен Ақмола облысындағы мектептерде сабақ тоқтатылады, – деп хабарлайды қалалық білім басқармасы. «Бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарда және колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды» делінген Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының хабарламасында. Сондай-ақ, 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды. Сондай-ақ, қатты желдің болуына байланысты Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары үшін де сабақ тоқтатылды. Айта кетейік, кеше елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмады.