Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты.
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
514
оқылды

Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті,  деп жазады Aikyn.kz. 

Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.  

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. 

Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. 

Қырғыз Республикасының президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады.