Бай болып жатқандардың әрекетін істегіміз келмейтінін сынады ол.
Кедей болып өстік: Айнұр Тұрсынбаева байлыққа жетудің құпиясын айтты
5,471
оқылды

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева  оқырмандарымен ой бөлісіп, бай болудың сырын айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Психологтің сөзіне қарағанда, оқырмандары ақшалы болып, кәсіп ашқан адамға сенбейтін көрінеді. 

“Өмірді өзгертуге болады десе, сенбейміз. Кедей болып тудық, кедей болып өстік, кедей болып өмір сүре береміз деп ойлаймыз. Бірақ жан-тәнімізбен бай болғымыз келеді. Бай болып жатқандардың әрекетін істегіміз келмейді. Сонда бізді байытпай, артқа тартып жатқан кім екен?! Өзіміз ғой, мойындайықшы”, – деп жазды коуч. 

Сонымен қатар психолог адам жасының шектеулі екенін де еске салды. 

“Біздің жаман жеріміз, мәңгі өмір сүретіндей жүре береміз. “Спортпен айналысу керек еді”, “Диета ұстау керек еді” деп кейінге шегере береміз. Біреу жақсылыққа шақырса, алдап жатқандай күдіктенеміз. Ақша тауып жатқандар, алаяқтар сияқты көрінеді. “Отбасымды сақтап қалдым, керемет бақытқа кенелдім” деп біреу жазса, қуанудың орнына, “өзінің танысына жаздырып отыр” деп сенбейміз”, – деп ойын айтты айтыскер ақын.