Бүгіннен бастап Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында «Жастар рухы» ЖҚ филиалдары жанынан жедел әрекет етуші республикалық волонтерлер штабы құрылды.
«AMANAT»-тың жастары зардап шеккен аймақтарға көмек беруде аянып жатқан жоқ
626
оқылды

Су тасқыны болғалы «Жастар рухы» волонтерлері жан-жақты көмек көрсетуде.  Biz Birgemiz ҚҚ қолдауымен тасқын судан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинап, азаматтарға үлестіруде,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондай-ақ Жастар қанаты волонтерлері аймақтардағы Жастар ресурстық орталықтарымен де бірлесе жұмыс істеуде.

Бұл қатарға қосылғысы келетін азаматтарға есігіміз ашық.

Алматы облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуге 300-ден астам ерікті жұмылдырылған. Осы еріктілердің ішінде 150 адам гуманитарлық көмек жинаумен, тағы 100 адам сұрыптаумен айналысқан.

«AMANAT» партиясы су тасқынынан зиян шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, гуманитарлық көмек жинауды бастап кетті.

Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Бүгін игі бастамаға облыстық «AMANAT» партиясының мүшелері қосылды.

Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өңір тұрғындары халыққа қажетті заттарды алып келіп, өткізе алады. Қабылдау пункті Қонаев қаласы, Центральная көшесіндегі 19-үйде орналасқан.

Алматы облысының Жастар ресурстық орталығы жастарының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қабылдау пункті ашылып, жан-жақтан азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар жиналып жатыр.

Бастаманы қолдаймын десеңіз мекенжай төменде:

Қонаев қаласы, Центральная көшесі, 19

Байланыс нөмірі: 8 705 869 6506