"Жолаушылар тасымалы" АҚ жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне кейбір өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
1 сәуірден бастап "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұратын, жаңа №19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау" жолаушылар пойызы жүре бастайды. Пойыз күн ара, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол стансасынан тақ күндері қатынайды.
3 сәуірден бастап №54/53 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Достық" бағытындағы жолаушылар пойызы аптасына екі рет қатынайтын болады. Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан жұма және дүйсенбі күндері жөнелтіледі.
№701/702 "Алматы-2 – Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол" бағытындағы "Тұлпар-Тальго" вагондарынан тұратын жолаушылар пойызына қосымша ретінде 6 рейс іске қосылады. Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурыз күндері, ал Нұр-Сұлтан –Нұрлы жол стансасынан 26, 27, 28, 29, 30, 31 наурызда аттанады.
Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап №321/322 "Алматы-2 – Нүкіс" бағытындағы жолаушылар пойызының маршруты Сарыағаш стансасына дейін қысқартылады және Алматы-2 стансасынан тақ күндері жөнелтіліп, күн ара қатынайды.
2 сәуірден бастап №309/310 "Маңғыстау-Ақтөбе" және №648/647 "Мискен-Бейнеу" жолаушылар пойыздарының құрамындағы "Маңғыстау-Нүкіс-Маңғыстау" бағытында тікелей қатынайтын вагондар алынып тасталады.
1 сәуірден бастап №393/394 "Алматы-2-Алтынкөл" бағытындағы және №91/92 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар пойыздары қатынауын тоқтатады.
№705/706 "Алматы-2-Петропавл" бағытындағы жолаушылар пойызы мына күндері: Алматы-2 стансасынан 25, 26, 27, 28, 29, 30 наурызда, ал Петропавлдан 26, 27, 28, 29, 30,31 наурызда уақытша жүрмейді.