Атырау облысында құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.
Жылыой ауданында 30 мыңға жуық адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
535
оқылды

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, – деп жазады Aikyn.kz.

"Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсету үстінде. Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды", – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі. 

Құлсары қаласында су тасқыны жағдайында ЖАО, ТЖД, ҚМ, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен тұрғындардың күшімен бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырып жатыр.

Қазіргі уақытта ауданда 46 352 қап төселіп, 174 312 тонна инертті материал төгілді. Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басқан.