Бұл туралы «Қазгидромет» мекемесінің облыстық филиалы мәлім етті.
Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі 55 сантиметрге көтерілді
1,384
оқылды

2024 жылдың 7 сәуірі сағат 8:00 шамасындағы гидрологиялық мониторинг мәліметі бойынша, жоғары Жайықтың (Ресей) су деңгейінің көтерілуі жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Батыс Қазақстан облысындағы Январцево су бекетінде су деңгейі тәулігіне 28, Жайықта 9, Көшімде 26, Тайпақта 51 сантиметрге көтеріліп отырғаны байқалады. 

«Жайыққа келсек, өткен тәуліктерде Индербор кентіндегі гидробекетте су деңгейі 55, ал, Батыс Қазақстан облысынан қосылатын судың есебінен су тасығаннан бері жалпы су көтерілу деңгейі 139 сантиметрге жетіп отыр. Махамбет ауылында су 42, Атырау қаласында 8 сантиметрге көтерілді. 7 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілетін су көлемі 1 670 текше метрді құрайды», – делінген хабарламада.

Баян Жанұзақова