Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
Министрлік су тасқыны кезінде тағамнан улану және жұқпалы аурудан сақтану жолдарын ұсынды
Фото: pexels.com
958
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды кейбір ережелерді ұстануға кеңес берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ДСМ тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережерді ұстануды ұсынады:

⁠Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

⁠Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

⁠Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

⁠Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

⁠Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.