Жылыой ауданынан 5 сәуірден бері 31 009 адам эвакуацияланды.
Атыраудың Жылыой ауданынан эвакуацияланған халық саны 31 мыңнан асты
676
оқылды

Атырау облысындағы Жылыой ауданынан қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындар саны 31 мыңнан асты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырау облысының жедел штабы мәлім еткендей, Жылыой ауданының су басқан елді мекендерінен тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

«Жылыой ауданынан 5 сәуірден бері 31 009 адам эвакуацияланды. Оның ішінде Маңғыстау облысына 20 821 адам көшірілді. Ал, Теңіз кен орнындағы вахталық кентте дайындалған жатақханаларға 7445 адам орналастырылды. Атырау қаласына 2743 адам келді», – деп хабарлады облыстық жедел штабтан. 

Сондай-ақ, 274 адамның кейбірі уақытша эвакуациялық пункттерге, кейбірі туысқандарының үйіне баруға шешім қабылдаған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланғаны хабарланды.