Жыл әйелі анықталды
Жыл әйелі анықталды
Time журналы 1927 жылдан бері «Жыл адамы» атағын танымал, ықпалды тұлғаға береді. Бұл атақты бірінші болып ұшқыш Чарльз Линдберг иеленді. Негізінен, «Жыл адамы» 72 жыл бойы «Жылдың ер-азаматы» деп аталып келгені көбіне беймәлім. 1999 жылы ғана номинацияны «Жыл адамы» деп өзгертті. Осы аралықта небәрі 11 әйел «Жыл адамы» атанған. Олқылықтың орнын толтыру үшін журнал соңғы 100 жылдағы «Жыл әйелін» жариялады. Биыл Америкада әйелдердің дауыс беру құқығына ие болғаны­на 100 жыл толды. Осыған орай Time журналы 1920 жылдан бас­тап әр жылдың беделді әйеліне арнап мұқаба әзірледі. Жоба авторлары «Жылдың 100 әйелі» сериясымен өз ісін ықыласпен атқарып, еліне еңбек сіңірген, халық сүйіспеншілігіне ие бол­ған әйелдерді тізімдеді. Атлант мұхиты арқылы ұш­қан алғашқы әйел ұшқыш Аме­­­лия Эрхарт, әнші Бейонсе, Арген­тинаның бірінші ханымы Ева Перон, Нобель сыйлығының лауреа­ты Малала Юсуфзай жур­нал мұқабасына көрік берді. Сонымен қатар журнал бетін­де көп көңілінен шыққан америкалық суффагеттер, мекси­ка­лық суретші Фрида Калло, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета және ханшайым Диа­на бар. Үндістанның жалғыз әйел премьер-министрі Индира Ган­ди, француз вирусологы Фран­суа Барре-Синусси мен Мьян­маның демократиялық бел­сендісі Аун Сан Су Чжи де на­зар­дан тыс қалмады. 2012 жыл­­ға арналған мұқабаны Ре­сей­­­ден келген Pussy Riot то­бы­ның мүшелері безендірді. Ал эко-белсенді Грета Тунберг 2019 жыл­дың «Жыл адамы» атанған еді.   Айбике ЖАНАСЫЛ