Bek Air ұшағынан зардап шеккен соңғы жолаушы жазылып шықты
Bek Air ұшағынан зардап шеккен соңғы жолаушы жазылып шықты
© Сурет Алматы Денсаулық сақтау басқармасынан
232
оқылды
Алматы маңында құлаған Bek Air  ұшағының соңғы жолаушысы ауруханадан шықты, деп хабарлайды Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, 6 наурызда № 4 Қалалық Алматы маңында апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы шығарылған. "Бұл алматылық дәрігерлердің қамқорлығында жүрген әуе кемесі жолаушыларының соңғысы", - деп хабарлады басқармадан. Дәулет клиникаға жедел жәрдем бригадасымен 2019 жылы 27 желтоқсанда жеткізілді және стационарда 70 тәулігін өткізді. Қазір жағдайы қанағаттанарлық. Пациентке сегіз хирургиялық операция жасалды. "Оң жіліншік сүйегінің ашық фрагменттік сынығына Илизаров аппаратында остеосинтез орындалды, кейіннен оң жіліншік және некрэктомия аймағында жұмсақ тіндердің тері жабындары ақауларының васкуляризацияланған тері пластикасы орындалды. Бүгінгі күні жарақаттар жазылды, науқас амбулаторлық емге жазылып, кейіннен жиі-жиі қадағаланатын болады, сынықтың өсу динамикасын бақылайтын боламыз. Шамамен Илизаров аппараты 7-8 ай тұрады. Науқас еш қиындықсыз қозғала алады, өзіне қызмет көрсете алады, аппарат іс жүзінде өмір сапасына әсер етпейді", - деді № 4 ҚКБ іріңді хирургия және күрделі жарақат бөлімінің меңгерушісі Рафаэль Гайсин. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Дәулет ұзақ уақыт бойы қиын ем алып, дәрігерлер аяғын сақтап, аяқ-қолдың функциясын қалпына келтіру үшін қажетті барлық жағдайды жасады. Көп сағаттық күрделі операциялардан өтіп, екі айдан астам уақыт бойы Дәулет төсекке таңылды. Дәрігерлер бұл жерде жігіттің керемет шыдамдылық пен ерік күшін атап өтеді. Бұл хирургтерге күрделі операциялар жасауға көмектесті. Дәулеттің сауығуына емделушілер арасында сирек кездесетін батылдық пен шыдамдылық әсер етті. Бүгінгі күні № 4 ҚКА дәрігерлері нәтижемен қанағаттанды. Барлық процедуралар уақытылы және ағзаға жағымды әсермен орындалды. Дәулеттің дәрігері -травматолог Латко Константин Георгиевич. "Дәрігерлерге алғыс айту қиын, олар менің ағаларыма айналды. Бұл адамдар мені аяғыма тұрғызып, өмірді қайта бастауға мүмкіндік берді. Мен тіпті хирургтар осындай ғажайыптар жасауға қабілетті екенін елестете алмадым. Барлығына көп рахмет!"-  дейді Дәулет. Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда әуе апатынан 69 адам зардап шекті, 51 жолаушы қалалық ауруханаларға: жедел шұғыл жәрдем ауруханасына, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына, Балалар шұғыл жәрдем орталығына жатқызылды. № 4 Қалалық клиникалық ауруханаға 21 адам түсті. Екі адам клиникаға келгеннен кейін алғашқы екі сағатта ауыр жарақаттан қайтыс болды. Қалған 19 адамның жағдайы тұрақтанып, амбулаторлық емге шығарылды.