Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бес өңірінде дабылды ескерту жарияланды
© Сурет ғаламтордан
208
оқылды
"Қазгидромет" РМК 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. соған сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасы ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Өтіп жатқан циклон әсерінен еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр қар түрінде) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, шаңды дауыл, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста – көктайғақ күтіледі. Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, Солтүстік-Қазақстан облысында кей жерлерде – жаяу бұрқасын күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жаяу бұрқасынмен бірге күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде – шаңды дауыл күтіледі. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күтіледі. Батыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,  жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15 м/с күшейеді. Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.