Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі.
Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесудің кестесін талқылады.
Әңгіме соңында тараптар биыл Қазақстан-Ресей саяси байланыстарының нығая түскенін атап өтті.