Бүгінде Астана медицина университетінде оқып жат­қан 2 мыңға жуық білім алу­шы ғылыми және иннова­ция­лық белсенділікті да­мы­туға ба­ғыт­талған студенттік ұйым­дарда зерттеу жұмыс­тарымен айналысып жүр.
Үздік стартап жобалар таныстырылады
650
оқылды

Бұл туралы Жас ғалымдар­дың халықа­ра­лық форумында АстМУ-ның бас­қарма төрағасы-ректор Камалжан Надыров айтты.

Елорданың бас медициналық білім ордасында жас ғалым­дар­дың халықаралық жиыны өт­кі­зі­ліп жатыр. 12 сәуір – Ғылым қыз­мет­керлері күніне орай­лас­тырылған форум жастар­дың ара­сында ғы­лымды дәріптеп, осы бағыттағы же­тістіктер ту­ра­лы пікір алысу плат­­формасын құ­­руды көздейді. Алқалы бас­қосуға құрметті спикер ретінде ғылым саласында танымал тұл­ғалар шақырылып отыр. Оқу ор­­нының басшысы Камалжан Тал­­ғатұлының сөзінше, былтыр ғы­лыми жобалар бойынша уни­вер­­­ситеттің ішінде гранттар бағ­­дар­ламасы іске қосылған. Осы орай­да 200-ден астам сту­дент түрлі халық­аралық конкурс пен конфе­рен­цияның жүлде­гер­лері атаныпты.

«Биыл ғылыми блокты жаң­ғырту бойынша бірқатар пәр­мен­ді шараны іске асыру жос­пар­ланған. Айталық, уни­­вер­­ситеттің барлық ғылыми әлеуе­тіне реви­зия жүріліп, ғылыми сая­сат қай­та құрылым­далады, қорғау құ­жат­тарын алу үшін сыйақы беру мүм­кіндігімен зияткерлік мен­шік саласында жаңа саясат ен­гі­зіле­ді. Коммерцияландыру және бизнес-инкубация кеңсесі құ­рыл­ды. Med­HubAsta­na жеке ин­кубациялық және аксе­ле­ра­циялық бағдар­ламасы іске қо­сы­лып жатыр. Бі­лім шаңыра­ғында алғаш рет университеттің биз­нес-серіктестер клубы ашы­лып отыр», – деді К.Надыров. 

Бұл тұрғыда озық ойлы жас­тар­дың жиынына еліміз бен шет­елдік университеттер мен ғы­лыми ұйымдардың өкілдері қа­тысып жатқанын айта кету ке­рек. Халық­аралық басқосу Ден­саулық сақтау министрлігі, Жо­ғары білім және ғылым ми­нистр­лігі мен «Ғылым қоры» АҚ, сондай-ақ ірі медици­налық ком­паниялар мен бизнестің бас­қа да құрылымдарының қол­дауы­­мен ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ форумның MedX фор­матындағы сессия­ла­ры­нда ғы­лыми салада белгілі 15-тен астам құрметті спикер жас­­тарға табысты кейстер тура­лы баяндайды. 

Бұдан басқа DemoDay ая­сын­­да үздік стартап жобалары та­­ныс­тырылады. Ғылыми жоба­лар­дың презентациясына 40-тан ас­там өтінім берілген. Олардың ең үздік­теріне арнайы жүлде та­ғайын­да­лады, тиісті жобаны бо­ла­шақта іске асыру мақсатын­да қаржылай қолдауға ие бол­мақ.

Айта кетейік, форум – Ас­та­н­а ме­дицина универси­теті­нің 60 жыл­­дығын мерекелеу ая­сын­да қол­ға алынған алғашқы ау­қым­ды іс-шара. АстМУ-де ме­ди­ци­на­­лық ғы­лымды дамытуға, сон­­дай-ақ осы саладағы ын­­ты­­мақтастыққа ай­рық­ша көңіл бө­лініп келеді. Бұл ұстаным уни­верситеттің алдағы үш жылға ар­налған Даму стратегиясында қамтылған. Форум­ға елі­міздегі 14 ірі жоғары оқу орында­рының өкіл­дері, сондай-ақ ТМД, Еуро­па және Азия елдерінен келген шет­елдік жас ғалымдар қатысты.