«Қазгидромет» 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей өңірлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, екпінді жел соғады.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырлы және желді ауа райы сақталады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады. Тек республиканың шығысында антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейеді, еліміздің оңтүстігінде бұрқасын болады.