Өңірде су деңгейі қауіпті деңгейден төмен.
Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы шаралар жүргізілді
Фото: gov.kz
335
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде аймақта өзендердегі мұзды жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Су деңгейі қауіпті деңгейден төмен.

Мамандардың айтуынша, уақытылы ұйымдастырылған іс-шаралар мұздың кедергісіз жүруіне және кептеліс жағдайын туғызбауға мүмкіндік берді. 

Еріген қар суын өткізу және өзендердегі мұздың кептеліссіз өтуі бойынша мониторинг жүргізілуде, су тасқыны қаупі бар учаскелер тексерілуде.