Атырау облысында құдыққа құлаған сәбидің өмірі үшін дәрігерлер бес сағат бойы күресті
Атырау облысында құдыққа құлаған сәбидің өмірі үшін дәрігерлер бес сағат бойы күресті
© Сурет ғаламтордан
235
оқылды
Мақат ауданында үш жасар бала жекеменшік үйдің ауласында орналасқан кәріз құдығына құлап кетті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат". Әкесі баланы құдықтан алып шығып, оның есін жиғызуға тырысқан. Бірақ бұдан ештее шықпаған. Ақырында жедел жәрдем шақырады. Фельдшерлер баланың тынысын қалпына келтіре алды. Содан кейін оны аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді. Медиктер бригадасына баланың асқазаның және басқа да органдарын тазалау және есін жиғызу үшін бес сағат қажет болды, - деді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының емдеу бөлімі бойынша бас дәрігердің орынбасары Наргиз Баймолдаева. Қазіргі уақытта баланың жағдайы оңалып келеді.