Көрмеде әлемнің 181-ге жуық жоғары оқу орны таныстырылды.
Абай университеті Қытай халықаралық білім көрмесіне қатысты
2,009
оқылды

Абай университетінің қызметкерлері РHIHUA халықаралық білім беру технологиялық орталығының арнайы шақыруымен Бейжің қаласында өткен Қытай халықаралық білім көрмесіне (СIEET-2024) қатысты.

Биыл Қытайдағы халықаралық білім беру көрмесін (CIEET 2024) Қытайдың Ғылыми алмасуға қызмет көрсету орталығы (CSCSE) ұйымдастырды және бұл көрме Қытайдағы ең ықпалды және ауқымды халықаралық білім беру көрмелерінің бірі болып саналады. Көрмеде әлемнің 181-ге жуық жоғары оқу орны таныстырылды. 

Қытай Халық Республикасының Білім министрлігінің қолдауымен CIEET шетелде білім беру бастамаларының сапалы дамуына ықпал етуге, сондай-ақ Қытайдың білім беру саласындағы ашықтығын жеделдетуге және кеңейтуге бағытталған.

Ғылыми алмасуға қызмет көрсету орталығының өкілдері мен көрмені ұйымдастырушылар Абай университетіне осы іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді. 

CIEET-2024 көрмесі Қазақстан мен Қытай арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, екі елдің білім мен ғылымның дамуына ықпал етуге және Абай университетінің білім саласындағы мықты жақтарын көрсетуге және шетелдік талапкерлерді тартуға мүмкіндік береді.