Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Қоймадағы заттар кейбір ауылдарға жетпеген»: Гүлзира Айдарбекова су тасқыны болған өңірлердегі жағдай туралы айтты
Фото: instagram.com/ gulziraaidarbekova
2,606
оқылды

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде көмек көрсетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.  Айтуынша, қоймаға жиналған көмек барлық ауылға жеткізілмеген. 

«Санаулы күндері қалған жерлерді су алып кету қаупі бар деп, Атырау айналасы ауыл-аймақ бәрі дайындық үстінде. Үйге қайта ораламыз ба жоқ па деген уайымымыз да болды, бірақ халыққа үндеу жасап, 15-не сіздермен ақылдаса отырып, жиналған ақшамызға керекті заттарды алып келіп, өз көзімізбен көріп, қолдан келген көмегімізді беріп кетеміз деп, уәде берген болатынбыз. Не де болса «Көппен көрген ұлы той» деп жолға шығып кеттік. Әдейілеп шеттегі ауылдарға да арнайы соға кеттік. Ешқандай көмек берілмей, ауыл адамдары жиналып ортаға киіз үй тігіп ортақ ас ішіп, күн-түн демей 24 тәулік бойына , жұмыла қапшық толы топырақпен айналаны қоршап жатыр, тіптен оқушылар да. Құрметті оқырмандар, менің түсінгенім, ауыл-ауылды жинап, көздерінше ақшалай берген дұрыс екен. Керосинге дейін өздері сатып алып, тракторлар жалдап, қапшық, күрек жетпей қиналып жатыр. Болжам бойынша, 19 сәуірден бастап су алып кететін, тіптен көшейін десе жер жоқ, көшіңдер дегенмен, көшіріп жатқан ешкім жоқ, ақшалары онда жоқ, сайдағы кішкентай ғана ауылдардың тұрғындарында ес жоқ. Ол жерлердің толық суға кететіндеріне көздері жетіп отыр. Телефондарын алып алдым, көмек қолын созамын деушілер болса тікелей хабарласып, көздеріңізбен көре аласыздар. Қоймаға жеткізілген қаншама дүниелерден бір жүк көлік те келмеген, бұл жақтарға бөлінбеген. Біз қай өңір не сұрады, қолымыздан келгенше резеңке етіктен бастап, носки іш, киімдерге дейін, тіптен фонариктермен, суға киетін киімдерге дейін алып келдік, барған жерлерімізге дастархан жайып, ас беруге де қаржылай ақша бөлдік, Алла берекесін берсін!. Ал жылжымалы үйлерді Атырау, Ақтөбе, Орал, Ақтөбенің Ойыл ауданына түгел жеткіземіз деп сатып алып кеттік, енді жүк көліктерін барлық аймаққа іздеу үстіндеміз», - деп жазды продюсер.