Жабай, Жыланды, Аршалы, Боқсық, Қалқұтан өзендерінде бүйір салаларынан ағын судың жетуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны өтуде. Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтіледі.
"Су деңгейі одан әрі көтеріледі": "Қазгидромет" Қазақстан бойынша су тасқынына қатысты ақпаратты жариялады
Фото: БҚО әкімдігі
1,517
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан бойынша су тасқынына қатысты қазіргі ақпаратты жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақтөбе облысынан келіп құйылатын өзендерде су тасқынының шарықтау шегі өтті.

Болжамға сәйкес сәуірдің үшінші онкүндігінде, яғни 2024 жылғы 28-29 сәуір аралығында БҚО аумағынан су тасқынының толқыны келеді деп күтілуде. Бұл ретте су деңгейі 550 см қауіпті белгіден асады, ол судың өзен алқабынан шығып, Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендерді (Махамбет, Талдыкөл) және Атырау қаласының әкімшілік аумақтарын (Алмалы, Береке, Еркінқала, Дамба) су басуға әкеледі.

Анықтама: 1994 жылы су деңгейі 600 см-ге жеткен кезде Махамбет, Алмалы, Соколов, Береке елді мекендері су астында қалды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Қазіргі уақытта облыс аумағында жазық аймақта қардың еруіне, беткейлік ағындының пайда болуына және өзендердің мұзы жарылып, сең жүруіне байланысты су тасқынының алғашқы толқыны байқалуда, ол сәуір айының ортасына дейін жалғасады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқынының шарықтау шегі өтті.

Ресей Федерациясынан (Орынбор қ.) Орал қаласына судың келуіне байланысты Жайық өзеніндегі су тасқынының шарықтау шегі 2024 жылғы 18-20 сәуір аралығында күтіледі.

Орал қаласына судың келуі 16-20 сәуір аралығында күтіледі, болжанып отырған су деңгейі 19 сәуірде 990 см-ге дейін, ал 20 сәуірде 1038 см-ге дейін жетуі мүмкін.

Орал өзені – Орал қаласының гидрологиялық бекетіндегі шектік белгі 850 см құрайды, одан асып кеткен кезде судың Шаған өзеніне кері ағуы байқалады, бұл Орал қаласының саяжай алаптарын су басуға әкеледі. Сондай-ақ, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендер қауіп-қатерлі аймаққа жатады.

Қостанай облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Облыстың көптеген өзендерінде су тасқынының шарықтау кезеңі өтіп, су деңгейінің төмендеуі байқалады.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Облыстың ішкі өзендерінің көбінде су тасқынының шарықтау шегі өтті (бірінші толқын).

Ақмола облысында орналасқан Есіл өзенінің салаларынан (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) судың келіп құйылуына байланысты Есіл өзенінде су тасқынының екінші толқыны басталды.

Гидробекеттер бойынша Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші толқынының шарықтау шегі күтілетін күндер:

– Есіл өз. – Тоқсан би ауылы ГБ – 2024 жылғы 15-20 сәуір

– Есіл өз. – Покровка ауылы ГБ  – 2024 жылғы  18-23 сәуір

– Есіл өз. – Новоникольск ауылы ГБ – 2024 жылғы 20-25 сәуір

– Есіл өз. – Петропавл қ. ГБ – 2024 жылғы 22-27 сәуір

Ақмола облысы бойынша ағымдағы су тасқыны жағдайы.

Ақмола облысының басым бөлігінде су деңгейінің ауытқуы жалғасуда, кей жерлерде қауіпті белгілерден асып кетуі, еріген ағын судың жетуі, өзеннің тасуы мен қар суының салдарынан су басқан елді мекендер мен автожолдардың жайылма учаскелеріне судың жетуі сақталуда.

Жабай, Қалқұтан өзендерінде және Жыланды (Жабай өзенінің саласы), Боқсық, Аршалы өзендерінің (Қалқұтан өзенінің салалары) бүйір салаларында су тасқыны бәсеңдеуде.

Есіл өзенінде (СҚО-мен шекара) Державинск ГБ және Каменный карьер ауданында (Ақмола облысы)

Жабай, Жыланды, Аршалы, Боқсық, Қалқұтан өзендерінің бүйір салаларынан ағын судың жетуіне байланысты су тасқынының екінші толқыны өтуде. Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтіледі.