Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қырғыз-қазақ қатынастарының даму перспективаларын талқылайды.
Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келеді
213
оқылды

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 18-19 сәуірде Қазақстанға келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің айтуынша, сапар барысында Садыр Жапаров Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты келіссөздер жүргізеді.

Тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ қырғыз-қазақ қатынастарының даму перспективаларын талқылайды.

Сапар аясында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Астанадағы Қырғызстан батыры Манасқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады.

Сапар аясында «Қырғызстан – Қазақстан» бизнес-форумы, ақсақалдар мен шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің дөңгелек үстелі, қырғыз-қазақ жастар форумы және «Қырғызстан – Қазақстан» атты ғалымдар форумы сияқты бірқатар іс-шаралардың өткізілетіні айтылды.