Айнұр Сейлхан бұл жоба қазақстандық жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруді дамытуға ғана емес, білім беру ортасындағы тұрақты дамудың маңыздылығына назар аударуға септігін тигізеді деп есептейді.
Абай университетінің жас ғалымы жасыл университет тұжырымдамасын зерттеп жүр
1,080
оқылды

Абай университетінің жас ғалымы, PhD Айнұр Сейлхан ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын «Жас ғалым» жобасы аясында «Қазақстандық жоғары оқу орындарына жасыл университет тұжырымдамасын тиімді енгізудің механизмдерін зерттеу»  тақырыбында жасыл университет тұжырымдамасын зерттеп жүр.

Жобаның мақсаты – қазақстандық жасыл университет моделін құру тұжырымдамасының теориялық және әдістемелік ерекшеліктерін зерттей отырып, жоғары оқу орындарында тұрақты даму контекстінде экологиялық білім мен мәдениет ұғымдарын қалыптастыру механизмдерін іздеу және елдегі жоғары білім саласын бағалауда қазақстандық жасыл университет рейтингісі моделін ұсыну.

Постдоктор, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, George Washington зерттеушісі Айнұр Сейлхан бұл жоба қазақстандық жоғары оқу орындарында экологиялық білім беруді дамытуға ғана емес, білім беру ортасындағы тұрақты дамудың маңыздылығына назар аударуға септігін тигізеді деп есептейді. Сондай-ақ ол шетелдегі жасыл кампустардың тәжірибесін зерттеу және бұл тәжірибені қазақстандық жағдайға бейімдеу елдегі кадрларды даярлауды ұйымдастыру және университет инфрақұрылымын құру тәсілдерін өзгертуге әлеуеті бар екенін атап көрсетеді.

Жоба нәтижесінде шетелдік және отандық жоғары оқу орындарының жасыл кампус, экологиялық білім беру тәжірибелерін, жоғары білім берудегі тұрақтылық тұжырымдамаларын зерттеу, Қазақстандық жасыл университет концепциясын жасау және оны жоғары оқу орындарына енгізудің механизмдерін, Абай атындағы ҚазҰПУ мысалында жасыл университеттің 3D-MAX моделі бағдарламасында макет эскизін ұсыну және т.б. жоспарланған.