Жәбірленушінің миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ мықын сүйектері сынған.
Астаналық оқушы мектептің 4-қабатынан секіріп кетті
Фото: gov.kz
399
оқылды

Астанада 8-сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кетті. Ақпаратты елорданың Білім басқармасы растады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

«17 сәуірде №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Бала қазір ауруханада», – деді ведомстводан.

Жәбірленушінің миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ мықын сүйектері сынған. Жалпы жағдайы ауыр (жарақаттарға байланысты), тұрақты. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Қазір тиісті органдар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.