Асүй – үйдегі ең маңызды бөлменің бірі. Оны таза ұстауға қатысты әдіс-тәсілдер өте көп.
Асүйге қажетті кеңес
istockphoto.com
1,438
оқылды

Осыған орай Aikyn.kz асүйде ескерілуге тиіс кеңес пен ұсыныс, лайфхак тізімін тізіп шықты.

Асүйге қажетті 21 кеңес тізімі:

1. Шай демдейтін ыдысыңызға қайнаған су құймай тұрып, бір шақпақ қант салсаңыз, шайыңыз хош иісті әрі қою болады.

2. Егер ұн тұрған шкафта ылғал барын байқасаңыз, бірнеше құрғақ лавр жапырағын салыңыз. Олар ылғалды жақсы сорып алады.

3. Ыдыс түбінде пайда болатын шай мен кофе дақтары сірке суы қосылған сода ерітіндісімен суланған шүберекпен оңай тазартылады. Ыдыс айнадай жарқырап шыға келеді.

4. Пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді.

5. Фарфор ыдысты тұзды суда жуған жақсы (1 литрге 3 ас қасық). Мұндай ыдыстар қою шай дағынан содамен де дұрыс тазартылады.

6. Дастарқанның қайырылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластырь жапсырып қою керек.

7. Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккеннен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.

8. Жарыңыздың жұмысына күн сайын тамақ салып беріп жүрген болсаңыз, сізде герметикалық ыдыстар бар. Босап қалған жағдайда олардың ішінде жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін. Одан сақтану үшін контейнерге кішкене ғана тұз сеуіп қойыңыз.

9. Жұмыртқаны ұзаққа сақтаудың сыры бар екен. Үшкір жағымен төмен сақталғанда жұмыртқа тоңазытқышта әлдеқайда ұзағырақ сақталатыны байқалған.

10. Жұмыртқаның жарамдылығын тексеру үшін, оны 10 см су құйылған ыдысқа салыңыз. Жұмыртқа батып тұрса, ол әлі біраз сақтала алады. Жұмыртқа сәл қалқып, төбесі судың бетінен шығып тұрған жағдайда, жұмыртқаны тез арада қолдануыңыз керек. Ал судың бетіне қалқып шыққан жұмыртқаны қоқысқа тастаңыз.

11. Сорпаға тым көп тұз салып қойған жағдайда, оған бір ашылған картопты қосыңыз. Картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады.

12. Мандарин қабығын тұзға батырып, онан соң қола ыдыстарды сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.

13. Ағаштан жасалған жабдықтарды немесе дастарқан бетін таза суға азырақ сірке суық қосып сүртсеңіз май дағы оңай кетеді.

14. Бірнеше қолданылған шай қалташаларын ыдысқа салып, тоңазытқышқа қойыңыз. Шай қалташалары тоңазытқыштағы жағымсыз иістерді өздеріне сіңіріп, ауаны тазартады.

15. Қасық, шанышқы мен пышақтарды бананның қабығының ішкі жағымен бір сүртіп шығыңыз. Артынан құрғақ орамалмен сүртіңіз. Қасықтарыңыз жарқырай түседі.

16. Суға лимон шырынын қоссаңыз, қабықсыз пісірілген картоптың түсі ағара бастайды.

17. Көкөністерді асатын болсаңыз, үстіне екі қасық қант қосып жіберіңіз.

18. Асүйдегі жағымсыз иісті кетіру үшін апельсин немесе лимонның қабығын оттықпен күйдіріңіз.

19. Шикі көкөністерді ұзақ сақтау үшін оларды дымқыл сүлгіге орап қойған жөн.

20. Нанның көгермегенін қаласаңыз, жабық ыдысқа салып, жанына алма немесе картоп қойыңыз. Нан салғышты апта сайын сабынмен жуып, ішін 1/3 бөлік су араласқан сірке суымен сүртіңіз. Ақ нан мен қара нанды қатар қоймағаныңыз абзал.

21. Лимонды сыққан кезде шырыны көбірек шықсын десеңіз, алдын ала 5 минутқа ыстық суға салып қойыңыз.