Су тасқыны кезінде ерлі-зайыпты бөгетті нығайтып, қараусыз қалған иттерді құтқарған.
Қостанай облысында су тасқыны кезінде көмек көрсеткен ерікті ерлі-зайыпты үйі өртеніп, баспанасыз қалды
Фото: видеодан алынды
781
оқылды

Қостанай облысы Тобыл қаласында тұратын еріктілер баспанасынан айырылып қалды. Су тасқыны кезінде ерлі-зайыпты бөгетті нығайтып, қараусыз қалған иттерді құтқарған. Апат қаупі сейілген соң олар үйлеріне қайтқан. Алайда сол түні үйде өрт шығып, баспана толығымен жалынға оранған. Жергілікті жердегі қайырымды жандар қаражат жинап, көмек қолын созды. Бұл туралы Aikyn.kz “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тобылдық Мария Адам өртенген үйден тек екі сөмке киім  қалғанын айтады. Отбасы үйлерінің, керісінше, судың астында емес, өртеніп кететініне сенбеген. Үйге оралғандарында тоңазытқыш пен үйдің төбесі өртеніп жатқан.

"10 сәуір күні үш итті үйге апарған едім. Сол мезетте иттерді құтқарып қалу үшін бақшаға қарай апарып тастадым. Күйеуіме 4 газ баллонын сыртқа шығар деп қатты айғайладым. Себебі адамдар мен көршілер зардап шеге ме деп қорықтым”, – деді Мария Адам.

Ал журналист Татьяна Файль олардың шаршап тұрғанын және Газельмен келгенін айтып берді. Мария күйеуімен бірге бірнеше күн бойы Газельде түнегенін және ешқайда баруға жағдайлары болмағанын айтты. Соған қарамастан олар су тасқынынан құтқару жұмыстарын жалғастыра берді. 

Әзірге еріктілер көршілерінің үйінде түнеуге мәжбүр. Алайда ол түрғын үй жақында сатылады. Отбасылар Үкіметтен 50 АЕК (184 600 теңге) көлеміндегі өтемақы алатынын, сондықтан тек қазақстандықтардан көмек күтетінін айтады. Зардап шегушілер жақсылықтың ерте ме, кеш пе қайтатынына сенімді.