«Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен іс-шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.
Тоқаев пен Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Фото: Ақорда
667
оқылды

«Бейбітшілік және келісім сарайында» өткен іс-шарада Қазақстан мен Қырғызстанның танымал мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті, – деп хабарлады Ақорда.

Бұдан бөлек, концертте «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының әртістері, «Гүлдер», «Астана сазы», «Аркасыры» (Қырғызстан) ансамбльдері сияқты шығармашылық ұжымдар көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады.

Бағдарлама аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, қос халыққа кең тараған әндер мен күйлер орындалды. Сондай-ақ бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Сонымен қатар концертті Қырғызстанның ресми делегациясы мүшелері мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.