Қазақстан бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.
Жаңбыр, жел, тұман: 19 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
1,078
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 19 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің солтүстігінде және шығысында, күндіз оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, шығыста, оңтүстікте найзағайлы жаңбыр сақталады. 

Қазақстан бойынша желдің күшеюі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, түнгі және таңертеңгі сағаттарда  солтүстік-батыста, шығыста және орталықта тұман күтіледі.