Қылмыскерді құрықтауға көмектескен Т.Рысқұлов атындағы №222 атындағы орта мектептің оқушысы - Айзере Сағидулла.
Қызылордада оқушы қыз қылмыскерді ұстауға көмектескен
2,045
оқылды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы қылмыскерді ұстауға көмектескен оқушыны марапаттады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

13 сәуірде Қызылорда қаласының тұрғыны 102 арнасына Volkswagen passat көлігінің терезесі ашық қалғанын пайдаланған адам көлік ішінен ақша ұрлап кеткенін хабарлаған.

Бұл хабарлама бойынша жедел тергеу тобы өз қызметін атқарып, көрген білгендерден сұрастырған. 10 жастағы Айзере Ермекқызы қылмыскер қалай көлікке кіргенін, оның ішінен ақша ұрлап жатқанын және қай бағытқа кеткенін айтып, қылмыскерді ұстауға септігін тигізген.

Басқарма бастығы Айзеренің бұл ерлігін бағалап, алғыс хатпен және бағалы сыйлықпен марапаттап, осындай тәрбиелі қызды өсіріп отырған ата-анасына алғыс білдірді.