«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.