Тоқтаусыз су ішкеннен қыздың жүрегі айнып, ұстамасы ұстап, комаға түскен. Есін жимастан көз жұмған.
28 жастағы қыз су ішіп қайтыс болды
www.kp.ru
1,858
оқылды

The Guardian хабарлауынша, қыз суды көп ішкеннен қайтыс болған. Оның есімі –  Лилиан Лукс. Оқиға осындан екі жыл бұрын болған. Арада қанша уақыт өтсе де, іс қайта қозғалып жатыр.

Басылымның жазуынша, жындыханаға қамалған қыздың диагнозы – шизофрения. Бір сөзбен айтқанда, адамның аузы құрғап, қатты шөлдеуі  бұл сырқатқа тән дүние. Сол себепті де Лилиан  суды тоқтаусыз іше берген. Алайда Guardian басылымы Лилианның сырқатын жындыханада ішкен дәрісі өршітіп жіберген деп есептейді. Оны емдеген дәрігер де бұл сөзді растап отыр.

Лилианда шизофрения еді, біздіңше бұл сырқатты психогендік полидипсия деп атаймыз. Науқастың аузы құрғап, шөл қысуы қалыпты нәрсе. Соның салдарынан адам суды тоқтаусыз іше береді. Оған қоса, полидипсияның бастапқы кезеңінде адамның шөлдеуі, оның сырқат екенін, яғни қант диабетіне шалдыққанын көрсетеді. Ондай кезде науқастар бір күнде суды 5 литрге дейін тастайды. Сол себепті де психогендік полидипсия оның негізгі ауруымен байланысты болғанымен, оған сай келетін ем көрсетпеген.  Шизофренияның өршуін емдеу және оны алдын алу мақсатында жаңа дәрілермен емдеген. Ал оны белгілеген – жекеменшік емхана, – дейді психиатр-кеңесші, емдеуші дәрігер Джеймс Макинтайр.

Оның айтуынша, Лилиан 2022 жылдың күзінде сол емханада емделіпті. Негізі оның мамандығы – медбике, бұған дейін бірнеше жыл жындыханада жұмыс істеген. Сондықтан ол әуелден салмақ болған жаңа дәрілерінің ағзаға тиетін кері әсерін жақсы білген. Тіпті айтып, одан бас тартқан. Бірақ дәрігерлер оның сөзіне құлақ аспаған. Кейіннен жүрегі айнып, суды көп іше бастаған.  Ақырында ұстамасы ұстап, комаға түскен. Сөйтіп, есін жимастан көз жұмған.

Қазір қыздың әулеті емхананы сотқа беріп, пациенттеріне немқұрайлы қарағаны үшін айыптап отыр.