Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ол 1975 жылы туған. 2017 жылы С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Энергетика және электротехника» мамандығы бойынша, 2022 жылы А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетін құрылыс мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары құқық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Samruk-Kazyna Construction басқармасының бастығы, Мойнақ гидроэлектростансасының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары-бас инженері қызметтерін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Еске салсақ, 4 сәуірде Қонаев қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Құматаевтың отставкаға кеткені белгілі болды.