Полицейлер ер адамның ауруханаға жатқызылғанын айтты.
Астанада көшеде өртеніп жатқан адамның видеосы тарады
Фото: видеодан скриншот
1,551
оқылды

Әлеуметтік желіде Астана көшесінде өртеніп кете жаздаған ер адамның видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz 

Полицейлер ер адамның ауруханаға жатқызылғанын айтты. Astanovka98 Telegram-арнасында оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Онда көшедегі өрт болып жатқанын байқауға болады. Оқиға орнында адамдар жүр және полицейлердің бірі өртті сөндіріп жатқаны көрінеді. 

Видеода оқиғаның Сығанақ көшесінде болғаны жазылған. 

Астана қаласы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға орнына полицияның арнайы жасағы жетіп, өртті сөндірген. Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жатқызылды.