Мемлекет басшысы Қа­зақ­станға ресми сапармен келген Қыр­ғызстан Пре­зи­дентін Ақор­­­­дада салтанатты түрде қар­сы алды. Келіссөз алдында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Са­дыр Жапаров бір-біріне ресми де­легация мүшелерін таныс­тыр­ды. Құр­мет қарауылының бас­ты­ғы мемлекеттер бас­шы­ла­рына рапорт беріп, екі ел­дің әнұрандары шыр­қал­ды. Содан кейін прези­дент­тер шағын құрам­да келіссөз жүр­гізді.
Оңтайлы одақтастық жаңа белеске жол ашады
1,187
оқылды

Мемлекет басшысы Қыр­ғыз­стан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы ай­рық­ша екенін атап өтті.

– Бүгін біз Одақтастық қа­ты­нас­тарды нығайту және кеңейту тура­лы тарихи келісімге қол қоя­мыз. Осы маңызды құжат қазақ-қыр­ғыз байланыстарының да­муы­на тың серпін беретініне се­­­німдімін. Ел аузында «Қырғыз бен қазақтай бір-біріне жақын ха­лық жоқ» деген сөз бар. Бұл – дұ­рыс айтылған тұжырым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқа­нын атап өтіп, осындай қиын-қыс­тау кезде гуманитарлық кө­мек көрсеткені үшін Қырғызстан Пре­зидентіне және барша қыр­ғыз халқына алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қа­зақ-қырғыз қатынастарының қар­қынды дамып келе жатқа­ны­на назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және пар­ламентаралық тығыз байланыс­тар ерекше серпін беріп отыр.

– Екіжақты сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 мил­лиард долларға жетті, яғни 26 пайыз­­ға өсті. Алдағы мақсаты­мыз алыс-беріс көлемін 2 мил­лиард дол­ларға жеткізу. Сонымен қатар осы бағытта болашағы зор бірқа­тар жоба қолға алынды. Жал­пы, сауда-экономикалық са­ладағы уағ­даластықтар орын­далып жа­тыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет арасындағы дәстүрлі дос­­тық пен тату көршілік қаты­нас­тарды нығайтуға Қырғызстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Өз кезегінде Садыр Жапаров қыр­ғыз делегациясына қонақ­жай­лық танытқаны үшін Қазақ­стан тарапына ризашылығын білдірді.

ЖОҒАРЫ МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Екі ел басшыларының төраға­лығымен Қазақстан мен Қыр­ғыз­станның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысы өтті.

Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қатынастары стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

– Біз одақтастық байланысты нығайтуды қолға алдық. Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қаты­настарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан біз бұл келісімге үлкен үміт артып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғары мем­лекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бүгінгі отырыс барысында екі ел ынтымақтасты­ғының өзекті мәселелері талқы­ланатынын айтты.

– Уақыт сынағынан өткен ық­палдастығымыздың болашағы зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмыл­дыруымыз қажет. Осы орайда Жоғары мемле­кетаралық кеңестің жұмысы қа­зақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Қырғызстан Президенті сан алуан бағыт бойынша серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екенін жеткізді.

– Бүгінгі шара қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. Келіс­сөздердің дәстүрлі одақтастық және стратегиялық байланыс рухында өтіп жатқаны қуантады. Қырғызстан Қазақстанмен екі­жақты байланыстарды тереңдетуге бағытталған сыртқы саясат жүргі­зіп отыр. Бір-бірімізді қолдап, ке­ле­шекті ойлап, барлық мәселені бірлесіп шешкен дұрыс деп санаймын. Қырғызстанның атқарушы билік органдары екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдерін іске асыру үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі кездесулеріміз екі елдің өзара ынтықмақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Садыр Жапаров.

Президенттер бүгінгі талқы­лаулардың табысты болғанын, екіжақты ықпалдастықтың басым­дықтары мен алдағы міндеттері айқындалғанын атап өтті.

І ДӘРЕЖЕЛІ «ДОСТЫҚ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАДЫ

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және ны­ғайтуға зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

– Қырғызстан – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Ең жақын әрі сенімді страте­гиялық серіктесіміз. Қос халықтың бауырластығы – өзара тиімді қарым-қатынастың алтын арқауы. Бұл іске Сіз зор үлес қосып келесіз. Мен оны жоғары бағалаймын, – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қырғыз елімен стратегиялық әріптестік пен одақ­тастыққа негізделген ынтымақ­тас­тықты нығайтуға мүдделі. Біз бола­шаққа бірге қадам басамыз. Мәңгілік достығымыз бен мызғы­мас бауырластығымыз жалғаса береді.

– Сіз халықтарымыз арасын­дағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Мен осыны ескере отырып, cізді І дәре­желі «Достық» орденімен мара­паттау туралы шешім қабыл­дадым. Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі. Осы марапат екі елдің қарым-қатына­сын одан әрі дамытуға ықпал ете­ріне сенімім мол. Қазақстан мен Қырғызстанның достығы мәңгі жалғаса берсін! – деді Мемлекет басшысы.

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтып, екі ел арасындағы страте­гиялық серіктестік пен одақтас­тық­ты одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін мәлімдеді.

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Екіжақты келіссөздер мен Жоғары мемлекетаралық кеңес оты­рысының қорытындысы бойын­ша Қазақстан және Қыр­ғызстан Президенттері бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қыр­ғызстан Президентінің бұл жолғы сапарының екі ел үшін мән-маңызы зор екеніне назар аударып, тарихи келісімге қол қойыл­ғанын мәлімдеді.

– Бұл – Қазақстан мен Қыр­ғызстан арасындағы Одақтастық қатынастарды нығайту және кеңейту туралы шарт. Осы құжат өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады. Екі елдің мүддесіне толық сай келеді. Яғни, ғасырлар бойы қалыптасқан бауыр­ластық байланысты сақтауға мүм­кіндік береді. Елдеріміздің дәс­түрлі достық және тату көршіл­ік қатынастарын нығайтуға Садыр Нургожоевич зор үлес қосты. Сол үшін қадірлі әріптесіме алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, тараптар екіжақты ынтымақ­тас­тық­тың өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасып, нақты әрі маңызды келісімдерге қол жеткізген.

– Бауырлас екі ел арасында шешімін таппаған түйткілді мә­селе болмауы керек деген ортақ байламға келдік. Сонымен бірге сауда-экономикалық байланыс­тарды нығайтуға баса мән бердік. Қазақстан – Қырғызстанның сауда және инвестиция саласындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Келіссөздер барысында бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуге мүдделі екенімізді растадық. Жалпы, өзара сауда айналымын қысқа мерзімде едәуір арттыруға мүмкіндік бар. Біз өнеркәсіп өнімдерін және бас­қа да тауарларды экспорттауға дайын­быз. Қазақстан Қырғызстан­ға қазірдің өзінде 195 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 260 миллион доллар. Қырғыз елінің де Қазақстанға шығаратын өнімдері аз емес, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қолда бар мүмкіндікті барынша пайдалану, әсіресе Үкіметаралық кеңес пен Аймақаралық форумның жұмы­сын жандандыру, шекарада салынып жатқан Сауда-логистикалық индустриялық кешенді тез арада іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты.

Бұдан бөлек, келіссөздер барысында агроөнеркәсіп секторын­дағы мүмкіндіктер талқыланды. Президенттің айтуынша, қазақ инвесторлары қырғыз экономика­сының маңызды секторларын да­мытуға үлес қосып келеді. Бұл рет­те Мемлекет басшысы Қазақ­стан кәсіпкерлерінің қаржысына Ыстықкөл облысында күн энер­гиясы стансасын салу жоспарлан­ға­­нын, сондай-ақ Жалал-Абад облысында ферроқорытпа зауытын салу жөнінде келіссөз жүріп жатқанын мысалға келтірді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы су-энергетика саласындағы қа­рым-қатынасты үйлестіру маңыз­ды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары мемлекетаралық кеңес бары­сында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да баса мән беріл­генін атап өтіп, осы күндері Астанада өтіп жатқан мәдени шаралар ортақ рухани құндылықтарымызды одан әрі байыта түсетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық түйткілді мәселелерге қатысты ұстанымдары ортақ екенін атап өтіп, келіссөз барысында Орталық Азиядағы ықпалдастықты тереңдетуге назар аударылғанын жеткізді.

– Биыл Астанада өтетін Орта­лық Азия мемлекеттері басшы­ларының кезекті 6-шы Консультативтік кездесуіне белсене атса­лысуға уағдаластық. Қазақстанның бірқатар халықаралық ұйымның төрағасы ретінде көтерген бастамаларын қолдағаны үшін қырғыз бауырларға ризашылық білдіреміз. Бүгінгі сапар екі елдің ынтымақ­тастығын одан әрі нығайта түсетіні анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Садыр Жапаров Астанаға ресми сапармен келуге шақырып, қырғыз делегациясына көрсетіліп жатқан меймандостық сый-құрметі үшін алғыс айтты. Қырғыз Президенті бүгінгі кездесу екі мемлекет арасындағы одақ­тас­тық және стратегиялық серіктестікті мүлдем жаңа деңгейге шы­ғаруға әрі оның мазмұнын байытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қырғыз елінің басшысы Аста­наға ресми сапары қарсаңында өткен Қазақстан-Қырғызстан биз­нес-форумы шеңберінде, сондай-ақ былтыр Таразда өткен Қазақ­стан мен Қырғызстан арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында іскерлік байланыстар нығайып, маңызды инвести­циялық келісімдер жасалғанын айтты. Сонымен қатар келесі Өңір­аралық ынтымақтастық форумы биыл Қырғызстанда өтетінін мәлімдеді. 

Екіжақты келіссөздің, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесі алтыншы отырысының қорытын­дысы бойынша мынадай құжат­тарға қол қойылды.

АЙКӨЛ МАНАС ЕСКЕРТКІШІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Астанадағы Айкөл Манас ескерткішін салтанатты түрде ашты.

Мемлекет басшысы шарада сөйлеген сөзінде елордада мұндай еңселі ескерткіштің бой көтеруі, ең алдымен, қазақ халқының қырғыз ағайынға деген риясыз құрметінің белгісі екенін атап өтті.

– Екі жыл бұрын Бішкекте ұлы Абайдың ескерткіші ашылғанын білесіздер. Мен сол шараға арнайы барып қатыстым. Мұндай игі бас­тамалар екі елдің достық байланысын нығайта түсетіні сөзсіз, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мың­жылдық тарихы бар Манас жырын барша адамзат руханиятында өзіндік орны бар бірегей мұра ретінде атап өтіп, оны тек қырғыз халқының ғана емес, тұтас түркі жұртының баға жетпес қазынасы деуге болатынын айтты.

Өз кезегінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Манас жыры қырғыз халқының тарихи және рухани мұрасына айналғанын атап өтіп, ұрпақтан ұрпаққа жеткеніне тоқталды. Сонымен қатар Садыр Жапаров барша қырғыз елінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Айкөл Манас ес­керт­кішін ашуға үлес қосқан аза­мат­тарға ризашылығын білдірді.

Салтанатты шараға Қыр­ғыз­стан­ның ресми делегация мүше­лері және екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысты.