Қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісіндегі мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова ел арасында танымал болып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазіргі таңда оның Instagram парақшасында 251 мың оқырман бар.
“Бұл менің әлеуметтік желілердегі жалғыз парағым, менде TikTok жоқ. Менің студенттік кезімнен @zhakiti аккаунтым бар, осыған орай осындай атау алды. Қазір прокуратура қызметкері ретінде маған жүктелген барлық жауапкершілікті түсініп, бар аккаунтты @aimaganova_a деп өзгертуге және қоғамға ашық әрі пайдалы болуға шешім қабылдадым.” – деп жазды Аймағанова өз парақшасында.
Сонымен қатар ол қолдаулары үшін оқырмандарына алғысын білдірді.
“...Болып жатқан істерге бейжәй қарау – бір сүйкімсіз адами қасиет. Ең бастысы, жүрекпен сезініп, жақсы ниетіңді аямау. Жан-жақтағы болып жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарамайық, қол ұшын беріп көмектесейік," – деп түйіндеді ол сөзін.