Атырау қаласының әкімі қайтыс болды деген жалған ақпарат тарады. Облыстық жедел штаб бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Атырау қаласы әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған – жедел штаб
484
оқылды

Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Төтенше жағдай режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін еске саламыз.

Қазір құқық қорғау органдары тиісті шараларды қолдану үшін төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеумен айналысуда",  деп хабарлады облыстық жедел штаб. 

Облыстық жедел штабтың ақпаратына қарағанда, Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жедел штабтың жиынына қатысқан. Әкім Атырау қаласындағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасаған.