Белгілі болғандай, өрттің аумағы 290 шаршы метрді құраған.
"Абай даңғылында сауда үйінің шатыры жануда. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бөлімдері күштер мен құралдарды жұмылдыруда. Өрт сағат 22:43-те жойылды. Өрттің аумағы 290 шаршы метр", – делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екендігі аталып өтті.