Антициклон сілемі әсерінен еліміздің көптеген аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – деп жазады Aikyn.kz.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттар өтіп, өткінші жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауыл мен екпінді жел соғады.
Күндіз батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылы, солтүстік пен орталықта 20-28 градус жылы болады, ал еліміздің шығысында температура 17-25 градусқа дейін көтеріледі.