Белгілі болғандай, Қызылорда қаласындағы Саяхат шағынауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп алды», – деп жазды ведомстводан.