Бұл өңір тұрғындары алдын ала эвакуацияланған болатын. Әуекемесімен жергілікті жерде әуеден барлау жүргізіліп, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараты көтерілді.
Жайық өзені бойындағы елді мекендерде ахуал күрделі
Фото: ТЖМ
738
оқылды

Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Орал қаласының шетінде орналасқан саяжай аумақтарын су басты. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнындағы саяжай үйлерінде тұрғындардың бар-жоғын тексеріп, өзен жағасын бекіту, қапшықтар және инертті материалдар төсеу, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ОКҚ брифингте ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлім етті.

«Бұл өңір тұрғындары алдын ала эвакуацияланған болатын. Әуекемесімен жергілікті жерде  әуеден барлау жүргізіліп, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараты көтерілді. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқарып жатыр. Ақтөбе облысынан және 52859 әскери бөлімінен ТЖМ, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қосымша күштер мен құралдар Батыс Қазақстан облысына жіберілді», - деді спикер. 

Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр. Азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі.

Осы сағатта 23 085 адам өз үйлеріне оралды. 4 551 тұрғын үйден судың бағыты бұрылды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр.