Жайық өзенінің бойындағы 80 ауылда біркелкі жұмыстар атқарылды. 35 км қорғау бөгеті салынып, қапшықпен нығайтылды.
Су тасқыны: Батыс Қазақстан облысында жағдай әлі қауіпті
Фото: ТЖМ
571
оқылды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, өңірде жағдай әлі күрделі. Су қауіпті деңгейден асқан.

«Батыс Қазақстан облысында қауіпті жағдай сақталып отыр. Бүгінгі күні су деңгейі 24 см артып, қауіпті деңгейден асты. Қауіпті деңгей 8 м 50 см болса, қазір 857 см. Қорғау жұмыстары жалғасып жатыр, қаланы қорғау бағытында Жайық өзенінің бойындағы 80 ауылда біркелкі жұмыстар атқарылды. 35 км қорғау бөгеті салынып, қапшықпен нығайтылды. Бұл жұмыстарға 2 мыңға жуық арнайы техника, 8 мыңға жуық адам тартылды», –деді Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте.