Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды.
Ақмола облысында жанар-жағармай сақталған қойма өртенді
Фото: nur.kz
583
оқылды

Степногор қаласының Заводская кентінде қойма өртенді. Өрттен қоймадағы 1200 литр май және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін сағат 15:14-те Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС-ның ауласында тұрған қоймадан шыққан.

«Тілсіз жаумен күреске ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтен 24 адам және 6 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанып кетті. Сағат 16:52-де өрт оқшауланды. Қазіргі кезде оны сөндіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге өрттің шығу себебі де анықталып жатыр», - деді ведомство.