Туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельев әлеуметтік желідегі парақшасында өзін асырап алған Валери есімді бельгиялық әйелді көрсеткен болатын. Жәнібек өзін асырап алған әйелден біраз шындықты білгенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жәнібекті асырап алған Валери оны балалар үйінен қалай алғанын және кіммен сөйлескенін айтып берген. Ол әйелдің аты-жөні де белгілі екен.
«...Валери маған бар шындықты айтты. 12 000 доллар және оны кімге бергенін де айтты. Мен Валериден ақша алған әйелдің аты-жөнін білемін, бірақ мен сұхбатта оның есімін әдейі жасырдым. Мен ол әйелдің маған хабарласып, туған анамды табуға көмектескенін күтіп жүрмін», – дейді Жәнібек Савельев.