Еліміз электрондық үкімет қызметтерін ұсыну бойынша әлемде 28-ші және онлайн қызметтердің сапасы бойынша 8-орында.
Қазақстан финтех саласын дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді
336
оқылды

Қазақстан финтех саласын дамыту бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді және бұның нақты үлгісі – «Астана» халықаралық қаржы орталығы. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

Еліміз электрондық үкімет қызметтерін ұсыну бойынша әлемде 28-ші және онлайн қызметтердің сапасы бойынша 8-орында.

М.Нұртілеу АТМЭӘК-ке мүше мемлекеттерді Орталық Азиядағы IT саласындағы ең ірі стартап-паркі – Astana Hub-пен өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Google, Microsoft, Huawei және басқа да көптеген компанияларды қоса алғанда, 900-ден астам компания табысты жұмыс істеп жатыр.

Цифрлық шешімдер көліктік өзара байланысты дамытуда маңызды рөл атқаратынын ескере отырып, қазақстандық дипломат өңір елдері арасындағы үйлестіруді күшейтуге және транзит секторындағы бірыңғай ережелер мен стандарттар туралы АТМЭӘК-тің жаңа конвенциясын қабылдауға шақырды.